Ақтөбе облысы әкімдігіндегі өрт: оқиға орнында не болып жатыр?

Ақтөбе облысы әкімдігіндегі өрт: оқиға орнында не болып жатыр? Фото © Tengrinews.kz

Ақтөбеде облыстық әкімдік ғимаратының маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақтөбеде облыстық әкімдік ғимаратының маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Аумақты полиция қоршауға алды, оқиға орнына әскери қызметшілер келіп, сап түзеп тұр.

Әбілқайыр хан даңғылының бір бөлігі жабылған, қозғалысқа тек қоғамдық көліктер үшін рұқсат берілген.

Реклама
Реклама

Фото Tengrinews.kz

Аумаққа ешкімді өткізбейді, қала тұрғындары оқиғаны сырттан бақылап тұр.

Фото Tengrinews.kz

Аспанға көтерілген қою қара түтін желмен жан-жаққа тарап жатыр.

Фото Tengrinews.kz

Әкімдік баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өрт орнында екі "103" бригадасы жұмыс істеп жатыр. Медициналық көмекке жүгінгендер мен зардап шеккендер туралы дерек тіркелген жоқ.

Еске сала кетейік, облыстық әкімдік ғимараты сейсенбі күні кешке өртенді.

Оқиға орнына бес минут ішінде ТЖД күштері мен құралдары келіп, адамдарды эвакуациялаған. Алғашқы бөлімшелер келген бойда ашық жалынды анықтады. Өртсөндірушілер шақырудың жоғарылатылған дәрежесі бойынша жұмыс істеп жатқаны, өрттің аумағы нақтыланып жатқаны түсіндірілді.

ТЖМ оқиға орнында жедел штаб құрылғанын хабарлады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама