27 сәуір 2021 14:16

Ақтөбе облысына қытайлық вакцина жеткізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысына қытайлық Sinopharm вакцинасының 22 мың дозасы жеткізіледі. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе облысына қытайлық Sinopharm вакцинасының 22 мың дозасы жеткізіледі. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"QazVac қазақстандық вакцинасы емханаларға жеткізілді. Осы аптада отандық вакцинаны егу науқаны басталады. Оған қоса Қытайдың Sinopharm вакцинасы қазір Сауд Арабиясында шығарылып жатыр. Онда вакцина Hayat-Vax деп аталды. 30 сәуірде облысқа оның 22 мың доза жеткізіледі. Онымен "Самұрық-Қазына" компаниясының қызметкерлерін, яғни өңірде жұмыс істейтін ірі мұнай компанияларының қызметкерлерін егу жоспарланып отыр. Содан кейін тұрғындар қамтамасыз етіледі", - деді Рүстем Исаев.

Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірде 38 мыңнан аса адам екпе алған. Оның 6 мыңнан астамы екі компонентті де салдырған. Өткен демалыс күндері "Спутник V" вакцинасының тағы 14 800 дозасы және QazVac вакцинасының 2 мың дозасы жеткізілді.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы 31 наурыздан бастап "қызыл" аймақта. Кейінгі тәулікте онда 125 адамнан коронавирус анықталды. Қазір инфекциялық ауруханаларда 750 адам жатыр, оның 50-і реанимациялық бөлімшелерде, 7 пациент жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети