Ақтөбе облысында 200-ден аса адам қайықпен қауіпсіз жерге жеткізілді

viewings icon 192
comments icon 0
Видео кадры: ТЖМ Видео кадры: ТЖМ

Ақтөбе облысында 200-ден аса адам қайықпен қауіпсіз жерге жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысында 200-ден аса адам қайықпен қауіпсіз жерге жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ойыл ауданы Ойыл ауылында ТЖД, полиция, жергілікті атқарушы органдар, ҚР ТЖМ 20982 ш/б күштері 234 адамды, оның ішінде 30 баланы өзеннің арғы бетіне жеткізген.

Облыс бойынша ТЖМ және ЖАО күшімен қар шығару, су ағындарын тазарту, жағалауларды нығайту, бөгеттер құру және суды бұру бойынша жұмыстар жүргізілген.

Реклама
Реклама

"Облыс бойынша 12 100 текше метр қар шығарылды, 42 650 текше метр су сорылып, 2135 инертті материал салынған қапшық төселіп, 8 680 данасы дайындалды. Елді мекенге қауіп жоқ. Өзендегі су деңгейі төмендеп жатқаны байқалады. Жұмыс жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін су тасқыны қаупі жоғары аймақтар аталды. Су тасқыны қаупі жоғары өңірлер қатарында Ақтөбе облысы да бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная