Ақтөбе облысында 5 медициналық қызметкер пневмониядан қайтыс болды

Ақтөбе облысында медбике мен төрт медицина қызметкері пневмониядан көз жұмды. Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысында медбике мен төрт медицина қызметкері пневмониядан көз жұмды. Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақтөбе облысы бойынша, өкінішке қарай, бізде бір медбике мен әртүрлі деңгейдегі төрт медициналық қызметкер қайтыс болды. Пневмониядан көз жұмған", - деді Оразалин брифингте.

Оның айтуынша, қайтыс болғандардың отбасыларына өтемақы кейінірек төленеді.

Реклама
Реклама

"Коронавирустық инфекциядан қайтыс болу бойынша өтемақы төлеу мәселесі комиссия қорытындысы шыққаннан кейін шешілетін болады", - деп түсіндірді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама