26 тамыз 2019 09:15

Ақтөбе облысында 50 жыл бойы жөнделмеген жолға 40 миллиард теңге бөлінді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысында жол атаулының жартысына жуығы көп жылдан бері жөндеу көрмеген. Биыл республикалық және жергілікті бюджет есебінен осы жолдардың 600 шақырымы жаңартылады. Бұл мақсатқа 40 миллиард теңге бөлінді. Өңірдегі жол жағдайының нашарлығын аймаққа жұмыс сапарымен барған мемлекет басшысы да айтқан болатын, - деп хабарлайды Хабар 24


Ақтөбе облысында жол атаулының жартысына жуығы көп жылдан бері жөндеу көрмеген. Биыл республикалық және жергілікті бюджет есебінен осы жолдардың 600 шақырымы жаңартылады. Бұл мақсатқа 40 миллиард теңге бөлінді. Өңірдегі жол жағдайының нашарлығын аймаққа жұмыс сапарымен барған мемлекет басшысы да айтқан болатын, - деп хабарлайды Хабар 24

Облыстағы жағдайы нашар жолдардың бірі Ақтөбе мен Қандыағаш қалаларын байланыстырады. Республикалық маңызға ие болса да, қолданысқан берілген 50 жылда ешқашан күрделі жөндеу көрмеген. Шұрық-тесігі көбейген күре жолдан көлік иелері мен жолаушылар алаңдап өтуге мәжбүр.

"Жол мүлде жоқ. Тек знактар тұр и все. Көне жолды латает. Авария постоянно болады. Мен айына 20 рет қатынаймын", - дейді көлік жүргізушісі Әлімжан Түгелбаев.

Бұл жолды қайта жаңғыртудан өткізудің жобасы дайын. Қажетті қаржыны Азия даму банкінен алу көзделген. Жүз шақырымды жөндеу үшін шамамен 77 млрд теңге жұмсалмақ. Нәтижесінде, тас жол төрт жолаққа дейін кеңейтіліп, жарық шамдары орнатылады. Бұдан бөлек, ауыл-аймақтарды да қамту жоспарланған.

"Биыл да 320 шақырым жөндеуге жоспарда бар. Жалпы осы жұмыстарға 20 млрд қаражат бөлінді. Оның ішінде, облыстық, аудандық, ауылдық көшелерді жөндеу жұмыстарын өткізуге", - деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мәлімбет Ибрашов.

Көлік иелері үшін Ембі-Шалқар-Ырғыз бағытындағы жолмен де жүру оңайға соқпай тұр. Байғанин ауданына да қатынау қиындап барады. Ал жалпы ұзындығы екі мың шақырымға жуықтайтын өңірдегі республикалық маңызға ие жолдардың биыл тек 214-ін жөндеу жоспарланған.

Аймақтағы жолдардың сапасын жылжымалы зертхана мамандары үнемі тексеріп тұрады. Тиісті стандартқа сәйкестігін басты назарға алады. Алайда, жыл басынан бері республикалық және жергілікті маңыздағы жолдарда жүргізілген жұмыс барысында, 26 кемшілік анықталыпты.

"Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Тұзтөбе" учаскесіндегі асфальт жабындысының тегіс төселмегені анықталды. 693 шаршы метрден кемшілік болды. Оны жою үшін мердігер компанияларға хат жолданды. Нәтижесінде, белгіленген мерзімде қайта түзетілді", - деді  "Ulttyq jol aktivteri sapasy ortalygy" RMK құрылыс жөніндегі инженері Тельман Малаев.

Қоғам белсенділерінің айтуынша, жол сапасының нашарлығы еліміздің көптеген өңірлеріне тән проблема. "Оны шешудің тек бір ғана бағыты бар. Ол жол құрылысын жүргізудегі стандарт өзгерту" дейді. Сонда ғана жыл сайын жөндеуге жұмсалатын миллиардтаған қаржыны үнемдеуге болатынын айтады.

"Бізде әлі де болса кеңестік кезеңдегі жол құрылысының стандарты қолданылып келеді. Оның түрлері көп. Ал шет елдерде жол салғанда көп қабатты жүйе бар. Біздегі жерді тегістеу, қиыршық тас, асфальт төсеу арқылы атқарылатын жұмысқа мораторий салынуы керек", - деді өңірлік депутаттар одағының төрағасы Андрей Кудеев.

Сарапшының айтуынша, бүгінде жол салуда тапсырыс берушінің бөлген бюджетіне қарай жобаланады. Соның салдарынан кейін жөндеу жұмыстары көбейеді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети