16 желтоқсан 2019 14:14

Ақтөбе облысында 50 шетел азаматы бар автобус жолда қирап қалды

Камила Долаева Журналист
Видеодан алынған кадр

Ақтөбе облысында Самара - Шымкент автожолында шетелдіктер мінген автобус бұзылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында Самара - Шымкент автожолында шетелдіктер мінген автобус бұзылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметіне сәйкес, автобустың артқы аспасы сынып, дәнекерлеу қажет болған. Салонда 54 адам, олардың ішінде 50 Өзбекстан, 4 Тәжікстан азаматы болған. Автобус Пермь қаласынан Өзбекстанға бара жатқан. Алайда көлік сынған соң, жолаушылар бірнеше сағат жолда тұрып, адамдар суық салонда жаурай бастаған. 

Реклама
Реклама

Полицейлер барлық жолаушыны жақын маңдағы кафесі бар жанармай құю станциясына жеткізіп, оларға ыстық шай берді. Одан әрі дәнекерлеу құралын тауып, ақауларды жоюға көмек көрсетті. 

Автобус жөнделгенімен, бірнеше жүз шақырым өтіп Ырғыз ауданы маңында қайта сынған. Полицейлер ТЖД қызметкерлерімен бірге оларға көмектесіп, жолаушылар мен автобусты кемпингке жеткізді. Кейін көлікті бірге жөндесіп, Қызылорда облысының шекарасына дейін шығарып салды. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram