14 сәуір 2024 | 09:22

Ақтөбе облысында 960 отбасы біржолғы төлем алды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ақтөбе облысында 960 отбасы біржолғы төлем алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында 960 отбасы біржолғы төлем алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Біржолғы әлеуметтік төлем Ақтөбе қаласы және Әйтеке би ауданында 300 мың теңге, ал қалған аудандарда 100 АЕК (369 мың теңге) болып белгіленген.

Бүгінгі күні Мемлекет басшысының су тасқынынан зардап шеккендерді жан-жақты қолдау, қажетті көмек беру туралы тапсырмасын орындау аясында Ақтөбе өңірінде көлемді жұмыстар атқарылып жатыр.

Реклама
Реклама

Соның бірі - қиын жағдайға тап болған отбасына біржолғы әлеуметтік төлем беру. Облыста 1272 отбасы бірреттік көмекті алуға өтініш білдірген. Жұмыспен қамту бөлімдері 12 сәуірде 960 отбасыға 313 миллионнан астам сома төледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная