Ақтөбе облысында әкім өз-өзіне қол жұмсамақ болған

Дина Шарипханова Корреспондент
Midjourney

Ақтөбе облысы Алға ауданына қарасты ауылдардың бірінің 47 жастағы әкімі суицид жасауға әрекеттенді. Оқиға 7 шілдеде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысы Алға ауданына қарасты ауылдардың бірінің 47 жастағы әкімі суицид жасауға әрекеттенді. Оқиға 7 шілдеде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға туралы ресми түрде Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиев мәлімдеді. Оның айтуынша, жұбайы бұл әрекеттің алдын алған.

"Осыдан кейін бірден ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Нақты себебін айта алмаймын. Бұл жеке мәселе", – деді Шүйіншәлиев.

Реклама
Реклама

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен әкімнің қазіргі жағдайы тұрақталғанын растады.

"47 жастағы ер адам 7 шілдеде Алға аудандық ауруханасына түсті. Жағдайы тұрақты, жалпы палатада жатыр", – деп нақтылады ведомство.

Шенеуніктің мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз. Полиция тергеуді бастады.

"Суицид әрекетіне қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық іс аясында басқа ақпарат жария етілмейді", – деп мәлімдеді Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама