05 мамыр 2019 | 15:29

Ақтөбе облысында егістік алқабы 10 пайызға ұлғайды

Камила Долаева Журналист
© Хабар 24

Ақтөбе облысында егістік алқабы 10 пайызға ұлғайды. 805 мың гектар жерге тұқым себілсе, оның жартысы таза бидай. Бұл туралы "Хабар 24" тілшісі хабарлады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында егістік алқабы 10 пайызға ұлғайды. 805 мың гектар жерге тұқым себілсе, оның жартысы таза бидай. Бұл туралы "Хабар 24" тілшісі хабарлады. 

Өңірде жиі қуаңшылық болатындықтан, суармалы алқаптардың көлемін арттыру жұмыстары жүріп жатыр. Жылдағыдай шаруаларға жеңілдік жасалып, 9 мың тонна жанар-жағар май арзан бағамен бөлінді. Оның литрі 169 теңгеден сатылып жатыр. Облыстағы 4 ауданда егін салу науқаны сәуірдің жиырмасында басталды. Қалғандары жақында кіріспек. Бұл саланың бір проблемасы - шаруа қожалықтарының көбінде техника ескірген. Жалпы оның 60-70 пайызын жаңарту керек. Соңғы жылдары облыста суармалы алқаптардың көлемі артып келеді. Биыл 32 мың гектар жер егіншілікке берілді. Болашақта ұсақ су қоймаларын көбейтіп, суармалы алқаптарды 100 мың гектарға жеткізу жоспарда бар.

Реклама
Реклама

"450 мың гектардай дәнді-дақыл, 260 мың дақылдар, 50 мың гектар майлы дақылдар және бау-бақша дақылдары, барлығы 12 мың гектардай болады. Қазіргі кезде тәжірбиеге сәйкес, Қобда, Темір, Мұғалжар, Ойыл аудандары жұмысқа кірісті. Бүгін міне біз Мәртөк ауданы да бастап жатыр. Енді жалпы жаппай егіс жұмыстары мамыр айының 5-6 жұлдызынан бастап, ауа райы қалай жақсы болады, солай кіріседі", - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Әбтиев.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная