Ақтөбе облысында ер адам 7 тұрғынды өрттен құтқарды

Ақтөбе облысында ер адам 7 тұрғынды өрттен құтқарды Фото: СС0

Ақтөбе облысында ер адам 7 тұрғынды өрттен құтқарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында ер адам 7 тұрғынды өрттен құтқарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 23 мамырда болған. Төтенше жағдай қызметіне таңғы сағат 04:26-да Темір ауданы Шұбарқұдық аулындағы жеке үйдің төбесі мен дәлізі өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. 04:27-де оқиға орнына 6 маман аттанған. Бірінші өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына 4 минутта жеткен. Қызыл жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт толығымен таңғы сағат 05:56-те сөндірілді.

"Өртті алдымен Медет Қалмұханов есімді азамат байқады. Ол өрт сөндірушілер келгенше үйдің терезесін сындырып, ішке енген. Медет Қалмұханов 7 адамды сыртқа шығаруға көмектескен, оның үшеуі бала, біреуі жүкті әйел", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама