01 қараша 2024 | 15:09

Ақтөбе облысында итті аяусыз қорлаған баланың видеосы тарады

видео кадры

Ақтөбе облысында мектеп оқушысы итті қатыгездікпен пышақтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында мектеп оқушысы итті қатыгездікпен пышақтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мессенджерлерде оқиғаның видеосы тарап кетті. Кадрларда жасөспірім далалы жерде тұрып, иттің басына, денесіне пышақ сұққаны көрінеді. Кейін ол итті тепкені, ал видеоның аяғында ит қансырап жатқаны да байқалады.

Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, оқиға Темір ауданында болған.

Реклама
Реклама

"Әлеуметтік желіге талдау жүргізу барысында бала итті қорлап, пышақ сұққан бейнежазба анықталды. Тексеріс барысында оқиға биыл мамырда Темір ауданында болғаны және жануарға қатігездік танытқан 9-сынып оқушысы екені анықталды", - деп жазылған полиция хабарламасында.

Оқушы ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілген. Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр.

Полиция бұл оқиға аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында баланың ата-анасының қатысуымен қаралатынын хабарлады.

"Жасөспірім полицияның есебіне қойылады. Қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр", - деп жазылған облыстық Полиция департаментінің жауабында.

Жасөпірім оқитын мектеп директоры оқушымен мамандар жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram