ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қазан 2022 | 08:44
Ақтөбе облысында жеке үйлердің бірінде газ жарылды
Мұғалжар ауданы, Ақкемір ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, үй өртенді. Төрт адам ауруханаға жеткізілді, біреуінің жағдайы орташа ауыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

"Жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, одан кейін жалпы ауданы 31 шаршы метр үйдің 10 шаршы метр аумағында қабырғалар жартылай опырылып, шатырда өрт шықты. Соның салдарынан төрт адам күйік алды. Олардың жағдайлары тұрақты", - делінген Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.
Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтың айтуынша, 33 жастағы ер адамның жағдайы ауыр. Оның беті мен кеудесін термиялық күйік шалған. Дәрігерлер науқастың жағдайын орташа ауыр деп бағалаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также