03 қараша 2022 15:59

Ақтөбе облысында жемқорлар қайтарған ақша есебінен мектеп салынады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Ақтөбе облысында жемқорлар қайтарған ақша мектеп салуға жұмсалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында жемқорлар қайтарған ақша мектеп салуға жұмсалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында соталды тергеу жұмыстарының қорытындысы бойынша биыл қыркүйекте ақша жымқырғаны үшін кінәлі лауазымды тұлғалар 197 миллион теңге сомасында келтірілген залалды өтеді.

"Облыс әкімдігінің келісімі бойынша Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылындағы мектеп құрылысын аяқтауға көрсетілген соманы пайдалану туралы шешім қабылданды. Құмжарған ауылында мектеп 2019 жылғы қаңтарда ашылып, ескі мектепте (1974 жылы салынған) оқыған 54 отбасынан шыққан балалардың мәселесін шешу жоспарланған. Алайда мердігер компанияның міндеттемелерін орындамауына және немқұрайдылық танытуына байланысты мектеп жұмысы іске қосылмаған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазір нысанға жаңа мердігер тартылып, оны аяқтау үшін 150 миллион теңге бөлінеді.

Өтелген ақшалай қаражаттың бір бөлігі Ақтөбе қаласының аумағында еліміздегі ең ірі workout алаңдарының бірін салу үшін пайдаланылады. Бұл балалардың бұқаралық спортының дамуына серпін береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің айтуынша, Президенттің жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша өтелген ақшалай қаражатқа мектеп салу туралы тапсырмасын орындау бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram