22 наурыз 2021 | 17:19

Ақтөбе облысында карантин күшейтілді

Фото Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысында 24 наурыздан бастап карантин шектеулері күшейтіледі. Жаңа қаулыға өңірдің бас санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында 24 наурыздан бастап карантин шектеулері күшейтіледі. Жаңа қаулыға өңірдің бас санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа қаулыда тыйым салынғандар:

- конференциялар, көрмелер, форумдар, ойын-сауық, сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық, салтанатты, мерекелік корпоративтерді, естелік және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде;

Реклама
Реклама

- ас беруге;

- ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, боулинг-орталықтары, кальян (оның ішінде қоғамдық тамақтандыру объектілері жанындағы), жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары және аттракциондар, батуттар және басқалар), букмекерлік кеңселердің және лото-клубтардың қызметтеріне, оның ішінде лотерея ұтыстары;

- кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне;

- бастауыш, орта жәненегізгі орта деңгейдегі білім беру, орта және жоғарғы оқу ұйымдарындағы асхана жұмысына;

- банкет залдарының қызметіне;

- жексенбі күні сауналардың қызметіне.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқи аласыздар. 

Қаулы 2021 жылдың 24 наурызы 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная