Ақтөбе облысында комиссия мүшелерін мейрамхана мен моншаға апарған шенеунік жазаланды

15 Қазан, 14:09
0
Ақтөбе облысында комиссия мүшелерін мейрамхана мен моншаға апарған шенеунік жазаланды -

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ерік Бұхарбаев Ұлттық тестілеу орталығынан келген 14 адамды тамақтандырып, моншаға апарған, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары"

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысындағы әдеп жөніндегі кеңесінің кезектен тыс отырысында үш іс қаралды. Бірінде Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығынан келген комиссия мүшелерін пойыздан күтіп алып, қонақ үйге орналастыру, моншаға апару, тамақтандыруды міндетіне алған Ерік Бұхарбаев жауап берді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департамент бас маманы Қайрат Акиевтің айтуынша, Е.Бұхарбаев Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласындағы "Сұлтан" қонақ үйінің әкімшісі Өтемұратоваға, "Алтын орман" мейрамханасының әкімшісі Қазинаға, "Дастархан" мейрамханасы мен "Нұрсәт" моншасының әкімшісі Қадыралиеваға тапсырысты алдын ала беріп, қызмет үшін төленетін ақшаны өзіне қарыз етіп жаздырған. Өзі комиссия мүшелерін 18 маусымда күтіп алып, 22 маусымға дейін бірге жүрген. Сол кезде білім бөлімі басшысының орынбасары болған, қазір Мұғалжар аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ерік Бухарбаев өз кінәсін мойындағанымен мұны қазақы қонақжайлылық деп білетінін жеткізді.

"14 адамды күтіп алып, мейрамханаға апарып, есепті өз атыма жаздырғанымды мойындаймын. Мен бұған дейін басқа сала қызмет еткен болатынмын. Сәуірде білім бөлімінің орынбасары болдым. Сол кезде ҰБТ дайындық жүріп жатты. Қарсы алу, бірге болу маған жүктелген. Бірінші рет осындай жағдайға тап болдым", - деді Ерік Бұхарбаев.

Әдеп кеңесі Ерік Бухарбаевты қызметіне толық сай емес түріндегі ескерту берді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай