Ақтөбе облысында Құрылыс басқармасының басшысы ұсталды

Фото: Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысының Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысына қатысты лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану күдігі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Аталған тұлға өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып, ЖШС үшін табыс түсіру мақсатында мердігер ұйымның Мұғалжар ауданында орта мектеп құрылысын толық жүргізбегенін біле тұра, шарт бойынша жұмысын жасатпай, ақшасын қайтарып алған", - деді Агенттіктің бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Күдікті 20 мамырда ұсталды, Ақтөбедегі уақытша ұстау изоляторында отыр.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама