ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қыркүйек 2020 | 09:28
Ақтөбе облысында оқушылар далада білім алып жатыр
Ақтөбе облысы Құмсай аулында оқушылар үй тапсырмасын орындау үшін далаға барып жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana TV телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбе облысы Құмсай аулында оқушылар үй тапсырмасын орындау үшін далаға барып жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana TV телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның мәліметіне сәйкес, ауылдағы үйлер мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған. Жақын маңда мектеп те, дүкен де жоқ. Мұндағы 20 көпбалалы отбасы қиналып жүргенін айтады.
Ауылда тұратын Айнұр Әлжанова - 4 баланың анасы.
"Оразалин (Ақтөбе облысының әкімі - еск.) үйдің кілтін беріп, қолымызды алып, барлығы жақсы, газ болатынын айтты. Тіпті, мұның өзі келісімшартта жоқ. Біз оған қолымызды қойдық. Онда өз есебімізден коммуникация желілерін өткіземіз деген пункті де жоқ", - дейді тұрғын.
Құмсайда мектеп, фельдшерлік пункт, тіпті дәріхана мен дүкен де жоқ. Тұрғындар азық-түлік алу үшін аудан орталығына барады. Ол ауылдан 8 шақырым жерде орналасқан. Автобустар да жүрмейді. Такси жүргізушілері екі жаққа да 2000 теңге сұрайды.
Сонымен қатар, ауылда ұялы байланыс та жоқ. Оқушылар қашықтан білім алу үшін далаға баруға мәжбүр.
"Біз бір нәрсе істеу керек болса, далаға шығамыз. Аудандық білім бөлімінің басшысы 10 қыркүйекке дейін тек роутер беретінін айтты. Бірақ 10 қыркүйекке дейін оқушылар қаншама уақытын жоғалтады ғой", - дейді ол.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также