Ақтөбе облысында оқушылар төбелесі видеоға түсіп қалды

видео кадры

Ақтөбеде жасөспірімдер арасындағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбеде жасөспірімдер арасындағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мектеп оқушылары тапа-тал түсте төбелесіп, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оқиға Ақтөбе облысы Шалқардағы аудан орталығында болған. Кәмелетке толмағандар қоғамдық орындарда төбелес шығарған. Оқиға куәгерлері оқиғаны видеоға түсіріп алып, ол әлеуметтік желіде жарияланған.

Реклама
Реклама

Полицейлер мәліметінше, оқиға 18 наурызда ауыл орталығында болған. Полиция қақтығыстың себебін нақтыламады, бірақ барлық адам анықталып, полиция бөліміне жеткізілді деп сендірді.

"Аталған факт бойынша, Шалқар аудандық ішкі істер бөлімі тергеу жүргізіп жатыр, оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Материал жинақталып, шешім қабылдау үшін Шалқар ауданы әкімі жанындағы кәмелетке толмағандар құқығын қорғау комиссиясына жолданды. Ата-аналар да шақырылып, олармен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деп түсіндірді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Полицейлер мәліметінше, бөлімшеге 12 мектеп оқушысы жеткізілген. Бұл Шалқардағы екі түрлі мектептің 10 және 11 сынып оқушылары. Зардап шеккендер жоқ екені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама