Ақтөбе облысында омикрон штамы анықталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Ақтөбе облысында коронавирустың жаңа штамы омикрон анықталды. Бұл туралы өңір әкімі Оңдасын Оразалин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында коронавирустың жаңа штамы омикрон анықталды. Бұл туралы өңір әкімі Оңдасын Оразалин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бұған дейін тәулігіне коронавирус жұқтырудың бір-екі дерегі тіркелетін, кейде тіпті мұндай деректер болмайтын да. Ал қазір, кейінгі тәуліктің өзінде 70-ке жуық жағдай анықталды. Деректерге сүйенсек, олардың 30-ға жуығы омикрон штамын жұқтырған", - деді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.

Айта кетейік, кейінгі тәулікте Қазақстанда 1 945 коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген. Оның 1 319-ы Нұр-Сұлтында. Елорда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, "қызыл" аймақта тұр. 

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама