09 қазан 2020 | 10:31

Ақтөбе облысында өңірлерді дамытуға бөлінген қаражат жымқырылды

© Тengrinews.kz

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті "Қазына" жедел-алдын алу шарасы аясында бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті "Қазына" жедел-алдын алу шарасы аясында бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 "Өңірлерді дамыту" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Мемлекеттік мекеменің Шаруашылық ретіндегі кәсіпорны мен "КК" ЖШС арасында жалпы сомасы 163 миллион теңгеге "Мұғалжар ауданының ауылдық округіндегі сумен жабдықтау желілері" мемлекеттік сатып алу келісімшарты жасалғаны анықталды.

Реклама
Реклама

Алайда жарияланған жұмыс толық көлемде жүргізілмей, нәтижесінде алдын-ала есеп бойынша, келтірілген залалдың мөлшері 13 миллион теңге болған. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тарауы (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқыру) бойынша жүріп жатыр. Қазір ақша жымқыру дерегіне мемлекеттік органдағы лауазымды тұлғалардың қатысы тексеріліп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная