ПОДЕЛИТЬСЯ
31 желтоқсан 2020 | 09:16
Ақтөбе облысында шамамен бір жарым ғасыр бұрын жарық көрген кітап табылды
Ақтөбе облысында шамамен бір жарым ғасыр бұрын жарық көрген кітап табылды. Тарихи жәдігерді Хромтау ауданы Тасөткел ауылының тұрғыны тауып алған, - деп хабарлайды "Хабар 24".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбе облысында шамамен бір жарым ғасыр бұрын жарық көрген кітап табылды. Тарихи жәдігерді Хромтау ауданы Тасөткел ауылының тұрғыны тауып алған, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Елді мекен маңындағы қорымнан шыққан кітап парақтары көне араб тілінде жазылған. Телеарна тілшісінің хабарына қарағанда, қағаз беттері әбден сарғайғанымен, төте жазу анық көрінеді. Жәдігер иесі кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргіннен бой тасалау үшін кітапты қабір басына жасырған болуы мүмкін деген жорамал бар.
Облыстық мешіт имамдары бір бума қағаздарды төрт түрлі кітап деп отыр. Бірі ислам шариғаты туралы жинақ болса, екіншісі араб тілінің әліпбиі болуы мүмкін. Қалғандарының мән-мағынасы мен баспадан шыққан уақыты білікті мамандар зерттегеннен кейін белгілі болады. Тиісті зерделеу жұмыстары аяқталған соң құнды жәдігер облыстық музейдің "Руханият" көрме-залына қойылады.
"Хромтау ауданының "Нұр" мешітінің бас имамы осы кітапты қарағанда "Бұл Құранның өзі емес, бірақ арабша жазылған шариғаттың заңымен өмір сүрудің салтын түсіндіретін фитх кітабы" деді. Бұл бір емес төрт кітап болып шықты. Осының ішінде біреуі грамматика деп айтты", - деді қала тұрғыны Серік Әбдіжәми.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также