13 мамыр 2024 | 11:05

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 939 миллион теңге төленді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 2,9 мың отбасыға 939 млн теңге төленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 2,9 мың отбасыға 939 млн теңге төленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыста президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау шарасы жалғасып жатыр.

4 сәуірден бастап су тасқыны салдарынан қиын жағдайға тап болған ақтөбеліктерге қаржылық көмек көрсету үшін біржолғы әлеуметтік төлем төленді.

Реклама
Реклама

"Қазір облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен оған қарасты аудандық бөлімдер келіп түскен барлық өтінімді жан-жақты қарап, тиісті қаржыны өтініш иелеріне аударды. Облыстағы 2904 отбасыға 939 млн 223 мың теңге төленді", - деп жазылған хабарламада.

Мемлекеттік орган мұнымен жұмысты тоқтатпайды. Қаржылай көмек туралы өтініш түссе, толық тексерістен соң, әкімдік оны төлейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная