ПОДЕЛИТЬСЯ
07 маусым 2022 | 07:31
Ақтөбе облысында үш бала суға батып кетті
Ақтөбе облысында 4 және 5 жастағы үш бала суға батып кетті, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбе облысында 4 және 5 жастағы үш бала суға батып кетті, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, екі ағайынды достарымен ауылдан бір шақырым жерде орналасқан өзенге түсуге барған. Біреуі суға бата бастағанда, екеуі оны құтқарамыз деп бірге батып кеткен. 2017 және 2018 жылдары туған үш бала үлкендердің назарынан тыс қалған. 4 және 5 жастағы қыз бала бір отбасынан болса, 4 жасар ұл екінші отбасының баласы.
"ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне кешкі сағат 19:00 шамасында 4 және 5 жастағы әкпелі-сіңлілі қыздар мен 4 жастағы ұл баланың Ақши ауылынан бір шақырым жерде орналасқан Ырғыз өзеніне батып кеткені туралы хабарлама түсті", - делінген ТЖД хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также