20 сәуір 2022 | 09:44

Ақтөбе облысындағы ауылда мектеп құлайын деп тұр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақтөбеден 130 шақырым жердегі ауыл тұрғындары бірнеше жылдан бері жаңа мектеп салдыра алмай жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеден 130 шақырым жердегі ауыл тұрғындары бірнеше жылдан бері жаңа мектеп салдыра алмай жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Теміркөпір ауылының тұрғындары ауылға жаңа мектеп саламыз деген уәдесін орындамаған биліктен жауап алу үшін Ақтөбе облысы әкімдігіне келген. Себебі ауыл балалары қабырғасы опырылып, пеші құлап жатқан бұрынғы теміржол вокзалының апатты ғимаратында оқуға мәжбүр. Балаларының өмірін уайымдаған ауыл тұрғындары екі күннен бері балаларын мектепке жіберуді тоқтатқан.

"Балаларымыз қазір мектепке бармайды. Білім бөлімі онлайн оқыту болмайды деп, уақытша мектепке басқа үй ұсынды. Бірақ шағын үй, 17 бала үш партаға қалай сияды?", - деп шағымданады тұрғындар.

Реклама
Реклама

Ауыл тұрғындарының айтуынша, ауылда 232 адам тұрады, оның 98-і балалар. Мектеп 2017 жылы салынады деп уәде етілген, бірақ уәде әлі орындалмаған.

"Бүгінде 60 орындық мектеп құрылысына 242 миллион теңге салып жатырмыз, біз өз тарапымыздан бюджеттік өтінім бердік, сол мердігермен қаржы бөлуді жалғастырамыз", - деді Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы.

Шенеуніктердің мәліметінше, бір айда бұрынғы бағалау сомасы 48 миллион теңгеге артқан. Сонымен қатар, жобаның соңғы сараптамасының мерзімі аяқталған. Жаңа өтініш беру процесі үш айға дейін созылуы мүмкін. Шенеуніктердің ешқайсысы қажетті соманың облыстық бюджеттен бөлінетініне кепілдік бермейді. Нәтижесі табысты болса, олар күзде жаңа оқу орнын салуға мүмкіндік алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная