Ақтөбе облысындағы бөгеттің бұзылуы: шенеунік жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті Хромтау ауданындағы "Магаджан" су бөгетінің қирауына әкелген немқұрайлылық дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті Хромтау ауданындағы "Магаджан" су бөгетінің қирауына әкелген немқұрайлылық дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бөгеттің бұзылуына жергілікті атқарушы орган қызметкерінің өз қызметтік міндеттерін тиісінше орындамауы себеп болған.

Аталған әкімдік қызметкері гидротехникалық құрылыстың техникалық жағдайын бақыламаған, тексеріс жүргізбеген және апаттың алдын алуға қажетті шараларды қабылдамаған.

Реклама
Реклама

"Салдарынан Алға ауданының елді мекендері мен Ілек және Қарғалы өзендерінің маңындағы бау-бақша ұжымдары су астында қалды. 215 адам, оның ішінде 96 бала қауіпсіздік жерге жеткізілді", - делінген хабарламада.

Келтірілген шығын 211 миллион теңгеден асты. Сот кінәлі тұлғаға 1 жыл 6 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама