30 наурыз 2024 15:28

Ақтөбе облысындағы су тасқыны: Ш.Берсиев ауылының тұрғындары эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе облыстық әкімдігі

Ақтөбе облысында Ш.Берсиев ауылының тұрғындары эвакуацияланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында Ш.Берсиев ауылының тұрғындары эвакуацияланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ш.Берсиев ауылының тұрғындары аудан орталығындағы пункттерге орналастырылады.

Реклама
Реклама

Ойыл ауданының орталығы Ойыл ауылындағы спорт мектебі, аграрлық колледж және 38 үй эвакуациялық пункт ретінде ұйымдастырылған. Бұл орындарға Берсиевтің тұрғындары көшіріледі.

"Төсек-орын, гигиеналық заттар, тамақтандыру жағы қарастырылған. Сондай-ақ, дәрігерлік көмек көрсету қажеттілігі туындаған жағдайда аудандық аурухананың қызметкерлері дайын тұр. Медициналық құрал-жабдықтары мен дәрі-дәрмектер бар. Қосымша Ақтөбеден көпсалалы кең профильді балалар ауруханасынан реаниматолог, хирург, педиатрлармен бірге, №2 Ақтөбе қалалық емханасының бас психологі де эвакуациялық пунктке көшірілетін тұрғындарды күтіп отыр", - деп жазылған өңір әкімдігі хабарламасында.

Ш. Берсиев атындағы ауылдың 27 тұрғыны эвакуациялық пунктке бірінші рейспен жеткізілді. Оның ішінде ересектер саны - 19, балалар саны - 8.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram