03 қыркүйек 2022 | 11:26

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыруға байланысты жиын өткізді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыруға байланысты жиын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыруға байланысты жиын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов жаңа қызметінде алғаш жиынын өткізді. Жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауында айтылған тапсырмаларын жүзеге асыратын бірінші кезекте тұрған бірқатар шаралар талқыланып, оған мемлекеттік органдардың басшылары, Ақтөбе қаласының әкімі, сонымен қатар, облыс аудандарының әкімдері бейне байланыс арқылы, облыстық ардагерлер, аналар, жастар кеңесінің мүшелері қатысты.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Президент жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық қайта құрылуының жаңа кезеңін айқындайтын тарихи құжат  екенін айтты. 

Реклама
Реклама

"Бүгін біз, мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі іс-қимыл жоспарымызды егжей-тегжейлі талқылап алуымыз керек", - деді жиынды ашқан Е.Тоғжанов.

Ел Президенті бастамашылық еткен тапсырмаларды жүзеге асырудың негізгі бағыттары туралы облыс әкімінің орынбасарлары баяндама жасады.

Жиын барысында облыс әкімі Президент тапсырмаларын жүзеге асыратын нақты міндеттер қойды. Ол ең алдымен өңірдің шикізатқа тәуелділігін төмендету, инновациялар енгізу, еңбек өнімділігі мен халықтың табысын арттыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілу керектігін атап өтті.

"Қасым Жомарт Кемелұлы атап өткендей, мұнда жаңа тәсілдер қажет. Бұл үшін, біз облыстың әлеуметтік-экономикалық даму келешегін стратегиялық тұрғыдан айқындап алуға тиіспіз", - деді Е.Тоғжанов.

Бұдан бөлек, Ералы Тоғжанов пайдаланылмаған және тиімді пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын тездетуді тапсырды. Жыл басынан бері облыс бойынша 203 мың гектар пайдаланылмаған жер қайтарылса, тағы 290 мың гектар жер жыл соңына дейін қайтарылуы тиіс.

"Ақтөбе облысы Қазақстан облыстары арасында аумағы жөнінен ең үлкен облыс болып табылады. Президент тапсырмасына сәйкес, жыл соңына дейін бос немесе игерілмей жатқан жерлерді анықтау үшін қосымша мониторинг жүргізу қажет. Жер телімдерінің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету - мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы!", - деп еске салды облыс әкімі.

Сондай-ақ, мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларына битум жетіспеушілігі мәселесін жою бойынша жедел шаралар қабылдау тапсырылды. Ағымдағы жылға облыстың битумға жалпы қажеттілігі 69,7 тоннаны құрайды. Бүгінде оның 40 тоннасы жетіспейді.

"Жолдардың жағдайы – тұрғындарды толғандыратын негізгі мәселелердің бірі. Бізде енді уақыт жоқ. Екі күн ішінде мәселені шешудің нақты жолдарын қарастырамыз", - деген облыс әкімі өңірде битум зауытының құрылысына инвестор тарту мәселесін де пысықтауды тапсырды.

Әлеуметтік сала жайын сөз еткен Ералы Тоғжанов апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін екі жылдың ішінде шешуді міндеттеді. Бұл ретте облыс орталығында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ең аз жобалық қуаты 2 мың оқушыға арналған мектептер салынады.

"2 мың орындық мектептің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп қойған. Мұндай мектептер Нұр-Сұлтанда және басқа өңірлерде салынып жатыр, тек жобалық-сметалық құжаттаманы байланыстыру қажет", - деді Ералы Тоғжанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная