Ақтөбе облысының әкімі қызметіне тағы кімнің кандидатурасы қаралды?

Дина Шарипханова Корреспондент
© diapazon.kz

Ақтөбе облысының әкімі лауазымына Ералы Тоғжановтан бөлек, Асхат Шахаровтың да кандидатурасы қаралды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімі лауазымына Ералы Тоғжановтан бөлек, Асхат Шахаровтың да кандидатурасы қаралды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов пен ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Ақтөбе қаласына келіп, Ақтөбе облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты.

"Үкімет басшысы депутаттарға ҚР Президентінің облыс әкімі қызметіне Ералы Тоғжанов пен Асхат Шахаровтың кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді. Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 160 депутаттың 104-і Ералы Тоғжановтың кандидатурасына дауыс берді, ал 56-сы Асхат Шахаровты таңдады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама