13 желтоқсан 2021 | 08:32

Ақтөбе облысының әкімі шіріген картопқа қатысты пікір білдірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
diapazon.kz

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбеде сатылып жатқан сапасы нашар картопқа қатысты жанжал туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбеде сатылып жатқан сапасы нашар картопқа қатысты жанжал туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.

"Өкінішке қарай, сапалы өнімдер жеткізуге тиіс қызметкерлер бұл істі дұрыс атқара алмады", - деді облыс әкімі.

"Айтқанда басқаша айтты, ал шын мәнінде, өнімдер мүлдем басқаша. Бұл кімнің кінәсі? Келісімшартқа қол қойғандар, жеткізушілер немесе өндірушілер? Қазір түсініп жатырмыз. Олар бір-біріне жаба салады. Біреуі жақсы картоп өндіргенін, екіншісі берген нәрсені ғана қойғанын айтады, ал сатушы барын қарап алыңдар дейді. Бәрінің жауабы дайын. Кәсіпкерлерге келсек, бұдан былай адал жұмыс істей ме, соны ескеретін боламыз, ал ауылшаруашылық бөлімінің, ӘКК-нің қызметкерлеріне келетін болсақ, олардың жауапкершілігін жұмысты аяқталғасын анықтаймыз", - деп толықтырды облыс әкімі.

Еске салайық, бірнеше апта бұрын ақтөбеліктер сөрелерден жақсы картоптың орнына 84 теңгеден шіріген түйнектер алған. Бұл қала тұрғындары арасында үлкен наразылық тудырған еді. Тұрақтандыру қорынан картоп сатып алуға 78,6 миллион теңге жұмсалған.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная