08 желтоқсан 2020 | 12:10

Ақтөбе облысының мұғалімдеріне интернетке кеткен 10,2 миллион теңге шығын өтелді

© Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысының прокуратурасы пандемия кезінде мұғалімдердің интернетке кеткен шығынын өтеп берді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысының прокуратурасы пандемия кезінде мұғалімдердің интернетке кеткен шығынын өтеп берді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қадағалау шаралары бойынша 10,2 миллион теңге мөлшерінде шығын өтелген.

Реклама
Реклама

Ведомство мәліметінше, 15 158 оқытушының үй жағдайында интернет-байланыс арқылы 138 935 оқушыны қашықтан оқытқан анықталды.

Мысалы, Қобда орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі А.Б. Қызылғұлова сәуір мен мамыр айлары аралығында қашықтықтан оқыту кезінде электр энергиясына, интернетке және басқа да коммуналдық шығыстарға 2000 теңге артық төлеген.

"Еңбек кодексінің 138-бабына сәйкес жұмыс беруші жұмыскерге коммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) береді және оларды орнату мен оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды көтереді. Қызметкер өзінің коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланған жағдайда, жұмыс беруші өтемақы төлейді, оның мөлшері мен төлеу тәртібі қызметкермен келісім бойынша белгіленеді.

Тараптардың келісімі бойынша қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерге жұмыс берушінің жұмысын орындауға байланысты өзге де шығыстар (электр энергиясының, судың құны және басқа да шығыстар) өтелуі мүмкін", - дейді прокуратурадағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная