01 маусым 2023 | 09:07

Ақтөбе полициясының жұмыстан шығарылған бұрынғы басшысы жұмысқа қайта кіруге тырысқан

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысында ішімдік ішкені үшін жұмыстан босатылған полиция бөлімінің бұрынғы бастығы Ерлан Төлеубай сот арқылы лауазымын қалпына келтіруге тырысқан, бірақ сот мұндай шешім қабылдамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында ішімдік ішкені үшін жұмыстан босатылған полиция бөлімінің бұрынғы бастығы Ерлан Төлеубай сот арқылы лауазымын қалпына келтіруге тырысқан, бірақ сот мұндай шешім қабылдамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Ол құқық қорғау органдарында 20 жылдан аса жұмыс істеген. 2021 жылғы наурызда Темір ауданының Кеңқияқ кенттік полиция бөлімшесінің бастығы лауазымына тағайындалған. Ал 2022 жылғы наурызда жұмыс уақытында ішімдік ішкені, қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны және полицияның беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылды.

Реклама
Реклама

Ол сотты 18 сағаттан кейін ішімдік ішкеніне сендірген, яғни жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін ішкенін айтып, өзінің заңсыз жұмыстан шығарылғанын жеткізген. Сондай-ақ, қызметтік тергеу кезінде заңбұзушылықтар жіберілгенін, ал Темір ауданының полиция бөлімінің бастығы оған бұрын лауазымын босатуды ұсынғанын айтқан.

Сот кесте бойынша Полиция департаменті аппараты қызметкерлерінің, оның ішінде талапкердің жұмыс күні 19 сағатқа дейін созылғанын, ол жұмыс уақытында алкоголь ішкенін анықтады.

Судья бұрынғы полиция бастығының талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная