10 желтоқсан 2021 | 13:24

Ақтөбе тұрғыны бронтранспортер сатқысы келген

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Ақтөбе облысының тұрғыны құжатсыз бронтранспортер сатқысы келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының тұрғыны құжатсыз бронтранспортер сатқысы келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары мәліметінше, ер адам оны шамамен 2000 жылдары сатып алған, енді қажетсіз болғаннан кейін сатуды ұйғарған.

"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы барысында Ақтөбе облысы полиция департаментінің ЖПБ қызметкерлері Ақтөбе қаласындағы Россовхоз кенті аумағында карьер маңынан БТР-60 бронтранспортерін анықтады", - деді полиция өкілі.

Реклама
Реклама

Тәртіп сақшылары көліктің карьер инженеріне тиесілі екенін анықтады. Ер адам БТР-ды шамамен 2000 жылдары белгісіз біреуден сатып алғанын, енді қажетсіз болғандықтан сатқысы келгенін айтты.

Бұл дерек ҚР ҚК-ның 386-бабы, 1-бөлігі ("Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу жалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу") бойынша СДТБТ-де тіркелді, тергеу жүргізіліп жатыр.

БТР Ақтөбе коммуналдық автотұрағына қойылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram