14 қыркүйек 2023 | 16:06

Ақтөбеде 11 сынып оқушысы асылып қалды

Сурет: Freepik.com

Ақтөбеде 16 жастағы оқушы өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде 16 жастағы оқушы өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 13 қыркүйекте болған. Полиция бөліміне көршілерінің сарайынан 2007 жылы туған кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

Реклама
Реклама

"Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өзіне өзі қол жұмсауға дейін жеткізу" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауының себептері анықталып жатыр", - деді Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, бұған дейін ақтөбелік еріктілер баланың жоғалғаны туралы әлеуметтік желіге хабарлама таратқан болатын. Онда 16 жастағы жасөспірім сағат 19:00 шамасында шығып кеткені айтылған еді.

Оқушы қаладағы №8 орта мектепте оқитыны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная