Ақтөбеде 1500 домбырашы бір мезгілде бірге күй тартты

Ақтөбеде 1500 домбырашы бір мезгілде бірге күй тартты Фото: Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұлттық домбыра күніне орай бүгін "Қазақ халқына мың алғыс" стелласы алаңында "Бабамнан қалған аманат – асыл домбыра" атты мәдени-көпшілік шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық өнердің алтын арқауы саналатын домбыраны ұлықтау, қазақтың дәстүрлі күй өнері мен халық әндерін кеңінен насихаттау арттыру.

Мерекелік концерттің шымылдығы ақын Қадыр Мырза Әлінің "Нағыз қазақ – Домбыра" өлеңімен ашылып, біріккен оркестрдің орындауындағы Түркештің "Көңілашар" күйімен жалғасты.

Жарнама
Жарнама

Концерт барысында қазақтың ұлттық күй өнері мен дәстүрлі музыкасының үздік туындылары орындалды.

Қазақстанның Халық әртісі Айгүл Үлкенбаева өнер көрсетті. 1500 домбырашы ұлттық күй өнерінің жауһарлары – Құрманғазы Сағырбайұлының "Балбырауын" және "Адай", Әбдімомын Желдібаевтың "Ерке сылқым" күйлерін бір мезгілде бірге орындады.

Сонымен қатар, Ақтөбеде "Домбыра және дәуір" көрмесі ашылып, белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды.

Экспозицияда белгілі күйшілер Балтұрсын Сарыбаева, Айса Шәріпов, Бақыт Басығараев, Момын Байғанин, Қазақстан Республикасының халық әртісі, әнші әрі композитор Димаш Құдайберген, ақын Бәкір Тәжібаев, генерал-лейтенант Жансен Кереев, мәдениет қайраткері Еркін Құрманбек және басқа да танымал тұлғаларға тиесілі домбыралар қойылған.

Суреттер: Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі

Көрменің жеке бөлімі белгілі қазақстандық шеберлер Сүндет Нұрымов, Қарамұқан Басшин, Құтым Қасенов, Еркөсай Әбілов, Жетес Жамеков және жас шебер Мұратхан Танатарұлы жасаған ұлттық музыкалық аспаптарға арналды.

Ақтөбе әкімдігі ұсынған материал
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама