Ақтөбеде 4 жасар бала жоғалып кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақтөбеде 4 жасар Данил Ахунов кеше таңертең аулада ойнап жүрген жерінен жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон"-ға сілтеме жасап.

Ақтөбеде 4 жасар Данил Ахунов кеше таңертең аулада ойнап жүрген жерінен жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон"-ға сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, баланы әкесі таңғы сағат 9:30 шамасында үйінің кіреберісінде қалдырып кеткен.

"Кеше сағат 9:35-те Жедел басқару орталығының 102 телефонына Ақтөбе қаласы Қазанғап көшесіндегі №59 үйдің ауласынан 2018 жылы туған Ахунов Данил Артуровичтің жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Оны іздеуге полициямен қатар ҚР ҰҰ әскери қызметшілері, еріктілер жұмылдырылды.

Баланың бойы шамамен 120 см, дене бітімі арық, шашы қоңыр түсті. Қызғылт сары түсті күрте, ашық көк түсті тоқылған бас киім, көк түсті күдері аяқ киім киген.

Қандай да бір ақпарат білетін адамдарға 102 нөміріне немесе 8771-785-1058 нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная