16 қазан 2024 | 10:56

Ақтөбеде 90-жылдары салынған үйлердің 30-40 жыл асфальт көрмеген аулалары жөнделіп жатыр

Ақтөбеде 25 аула аумағы (39 көп қабатты үйдің ауласы) абаттандырылып жатыр. Есет батыр, Қалдаяқов көшелеріндегі көп қабатты үйлердің аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары қазір аяқталу сатысында.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде 25 аула аумағы (39 көп қабатты үйдің ауласы) абаттандырылып жатыр. Есет батыр, Қалдаяқов көшелеріндегі көп қабатты үйлердің аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары қазір аяқталу сатысында.

Қала әкімі Азамат Бекет жұмыстар барысын барып қарап, тұрғындармен тілдесті, олардың абаттандыру шараларына қатысты ұсыныс-тілектерін ескеру керек деп мердігерге ескертті.

Реклама
Реклама

"Ауланың жабдықтарын орнатып, жарық шамдарын қойып, суағарларын салу, тротуар төсеу, асфальт төсеу, бәрі де сапалы жасалуы керек. Бұл үйлер 1990 жылдары салынған. Содан бері аулалары асфальтталмаған, абаттандыру жұмыстары жүргізілмеген. 30-40 жылда бірінші рет жөнделіп жатыр. Тұрғындардың барлық өтініш-тілектері ескерілуі керек. Жұмысты КСК, ОСИ төрағаларымен ақылдасып атқарыңыздар", - деді Азамат Бекет.

Есет батыр, 3,5,7 үйлердің аулаларында тұрғындар қала әкіміне жұмысты бірігіп бақылап жүргендерін айтты. Мердігер мекеме "Еңбек" ЖШС басшылығы енді асфальт төсеу және жарықтандыру қалып тұрғанын жеткізді. Алдағы екі аптада аяқтап үлгереміз деп уәде берді.

"Біз биыл 25 аула аумағын (39 үйдің ауласы) жөндеуді міндетімізге алдық. Көп жерде қолданылмайтын технологияны қолданып, асфальт берік болуы үшін аулаға геосетка төсеп жатырмыз.

Дәл қазір Есет батыр көшесігдегі #3,5,7 үйлердің аулаларында тұрмыз. Тротуар, шойын қақпақтары бар суағарлар салдық, енді асфальт төсейміз, жарық жүргіземіз және аулаға орындықтар, қоқыс жәшіктерін орнатып қоятын боламыз", - деді "Еңбек" ЖШС учаске басшысы Бақдәулет Сейдуалиев.

Ақтөбе әкімдігі ұсынған материал

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная