Ақтөбеде аулада ойнап жүріп жоғалып кеткен 4 жасар бала өлі табылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақтөбеде аулада ойнап жүріп жоғалып кеткен 4 жасар Данил Ахунов өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбеде аулада ойнап жүріп жоғалып кеткен 4 жасар Данил Ахунов өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Zello help еріктілер тобы хабарлады.

"Осымен бітті. Кішкентай баланы іздеуге көмектескен барша жанға алғыс айтамыз. #ZELLOPOISK командасы баланың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Іздеу шараларының нәтижесінде 28 желтоқсанда жоғалып кеткен 2018 жылы туған Данил Ахуновтың зорлықпен өлім белгілері бар денесі табылды. Күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі "Жас баланы өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде өзге ақпарат жария етілмейді.

Еске салайық, 29 желтоқсанда 4 жасар Данил Ахунов таңертең аулада ойнап жүрген жерінен жоғалып кеткені хабарланған болатын. "Диапазон" мәліметінше, баланы әкесі таңғы сағат 9:30 шамасында үйінің кіреберісінде қалдырып кеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама