27 қазан 2018 | 15:30

Ақтөбеде бір күнде 10 мың ағаш отырғызылды

Камила Долаева Журналист

Ақтөбеде қалалық сенбіліктерді өткізу жалғасып жатыр. Қала тұрғындары, мемлекеттік және кәсіпорын мен ұйым қызметкерлері қолдарына күрек алып облыс орталығында 10 мыңнан астам ағаш отырғызды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде қалалық сенбіліктерді өткізу жалғасып жатыр. Қала тұрғындары, мемлекеттік және кәсіпорын мен ұйым қызметкерлері қолдарына күрек алып облыс орталығында 10 мыңнан астам ағаш отырғызды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Реклама
Реклама

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та "Достық" саябағын көгалдандыруға қатысты. Бүгінде бұл аумаққа Қытай, Түркия, Германия, Словакия, Ресей және басқа елдерден келген 50 шетелдік компания ұжымы 1000-нан астам көшет отырғызды.

"Ақтөбе күнен күнге көркейіп барады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экология мен қаланы көгалдандыру мәселесіне, ақтөбеліктердің демалуына қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінді. Мұнда соңғы үш жылда 48 жаңа саябақ пен алаңдар ашылды", - деді облыс әкімі. 

Сондай-ақ ол тұрғындарды облыс орталығын абаттандыру және көгалдандыруға белсене қатысуға шақырды.

Сенбілікке 8 мыңнан аса адам қатысты, 100 техника жұмылдырылды, саябақтар мен 1,3 миллион шаршы метр аумақтағы көшелер тазартылды. Қоқыс тастайтын орынға 70 тонна қоқыс төгілді, 10 мың көшет (тал, үйеңкі, қарағай, қайың, терек, шетен, шаған, сағызқарағай, алма және басқалары) және 500 бұта отырғызылды.

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, биыл күзде Ақтөбе облысында 40 мыңнан астам ағаш отырғызылады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная