15 мамыр 2023 | 09:40

Ақтөбеде екі жүзден аса ағаш заңсыз кесілген

Дина Шарипханова Корреспондент
фото: pixabay

Ақтөбеде екі жүзден аса ағаш заңсыз кесілген. Бұл деректі прокурорлар анықтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде екі жүзден аса ағаш заңсыз кесілген. Бұл деректі прокурорлар анықтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Тексеру барысында орман белдеуін іріктеп, санитарлық кесу жұмыстарын жүргізуі тиіс мекеме қызметкерлері қураған және зақымданған ағаштардың орнына сау жасыл желектерді кескені белгілі болды. Оның үстіне, жұмысты бастамас бұрын мамандар алдын ала орман патологиялық сараптамасын жүргізуі керек еді, бірақ бұл жасалмаған.

Реклама
Реклама

Салдарынан қоршаған ортаға келтірілген шығын 15 миллион теңгеден асты. Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 362-бабы 1-бөлігі "Билік немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бап үш мың АЕК мөлшерінде айыппұл салу, не түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жаза қарастырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная