Ақтөбеде ер адам мысыққа пышақ сұғып алған

Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon 1007
comments icon 0
Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Ақтөбеде мысыққа пышақ сұғып алған ер адам жазаланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбеде мысыққа пышақ сұғып алған ер адам жазаланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

7 наурызда №2 қалалық полиция бөліміне скоттиш-страйт тұқымды мысық иесі арыз түсірген. Оның айтуынша, белгісіз адам мысыққа пышақ сұғып алған.

"Учаскелік полиция инспекторы Хромтау ауданының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Мас күйде, мысыққа еш себепсіз пышақ жарақатын салғанын түсіндірді. ҚР ҚК-нің 316-бабы 1-бөлігі ("Жануарларға қатыгездік көрсету") бойынша соталды тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Осы баптың санкциясы 120 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жазаны көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Дина Шарипханова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная