20 қазан 2020 | 08:44

Ақтөбеде ерлікпен қаза тапқан инспектордың отбасына уәде етілген пәтер берілмеген

© astanatv.kz

Ақтөбеде ерлікпен қаза тапқан жол полицейі Темірбек Жақсылықбаевтың баласы мен әйеліне уәде етілген пәтер берілмеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде ерлікпен қаза тапқан жол полицейі Темірбек Жақсылықбаевтың баласы мен әйеліне уәде етілген пәтер берілмеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Темірбек Жақсылықбаевты 2012 жылы аса қауіпті қылмыскерлер атып өлтірген. Ол әріптесімен бірге Ақтөбе шетінде такси жүргізушісіне шабуыл жасаған қылмыскерлерді ұстауға тырысқан.

Реклама
Реклама

Кейін оған үшінші дәрежелі "Айбын" ордені, батыр атағы берілді. Ал артында қалған отбасына әкімдік пәтер беретін болып уәде еткен. Бірақ әлі бермеген.

"Әкімдік пәтер береміз деп уәде еткен. Олар бізден қандай проблемамыз барын сұрады. Біз баспана мәселесін айттық. Олар көмектесетінін айтты. Бірақ әзірге уәде болып қалды", - деді полицейдің әйелі.

Гүлфия да полицияда жұмыс істейді. Ұлымен бірге қызметтік пәтерде тұрады, бірақ бұл тұрақты емес.

Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасындағылар отбасының кезегі жеткенде пәтер алатынын түсіндірді.

"Тұрғын үй қатынастары туралы заңға сәйкес оған пәтер кезекпен беріледі. Бұл - толық емес отбасы, ол бойынша кезегі - 2215, ал әлеуметтік аз қамтылғандар арасында - 3994", - деді Ақтөбе облысы Энергетика және ТҮКШ басқармасында бөлім басшысы Айдана Есбатырова.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная