11 шілде 2020 09:19

Ақтөбеде инфекциялық аурухананың бас дәрігері көз жұмды

Қалихан Қозбағаров Ақтөбедегі жұқпалы аурулар ауруханасында пневмониядан көз жұмды, - деп хабарлайды "Диапазон".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қалихан Қозбағаров Ақтөбедегі жұқпалы аурулар ауруханасында пневмониядан көз жұмды, - деп хабарлайды "Диапазон".

Қалихан Қозбағаров 10 шілдеде түстен кейін өмірден өткені хабарланды.

Реклама
Реклама

"Сене алар емеспіз. Біз оған бүкіл аурухана болып уайымдадық. Соңғы 2 күнде жағдайы жақсарып қалған соң қатты қуанып едік. Бүгін қымыз сұрады, біз ол сауығып, бәрі жақсы болады деп ойладық, бірақ сағат 16-ға қарай оның өмірі үзілді. Ол керемет дәрігер, басшы, адам еді. Өз ісіне адал болған. Коронавирус жұқтырған науқастар жатқан бөлімшелерге барып, күніне екі рет аралап шығатын, әрқайсына уайымдайтын, бірақ өзін құтқара алмады", - деп еске алды Қалихан Қозбағаровтың әріптестері.

Қалихан Қозбағаров қазан айында 60 жасқа толар еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram