03 наурыз 2020 | 09:08

Ақтөбеде жабық емдеу мекемесіндегі науқастар шу шығарды

Видеодан алынған кадр

Ақтөбеде есірткі мен ішімдіктен мәжбүрлеп емдеу орталығынан шу шықты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде есірткі мен ішімдіктен мәжбүрлеп емдеу орталығынан шу шықты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, жабық ауруханада алпыстан аса аса адам аштық жариялаған. Науқастардың айтуынша, олар күзет қызметінен қысым көрген. 

Реклама
Реклама

Қазіргі таңда бұл емдеу орталығында 138 науқас емделіп жатыр. Барлығы да сот шешімімен нашақорлық пен маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде ем қабылдап жатыр. Олардың тең жартысы таң атқалы нәр татпаған. Бас дәрігер науқастар ішкі тәркіпке бағынғысы келмей, осылай шу шығарып отыр деді.

"Төбелес болған жоқ. Негізі біз келгенде барлығы мас. Арақ қай жақтан келді біз білмедік. Арақ ұшып келмейді. Біреулер әкеліп кіргезген. Бізге дейінгі күзет қызметінің бізге істеп кеткендері ма оны біз түсінбедік. Аштық жариялап жатыр. Тамағы апарылды, берілді. Өздері ішпейді", - дейді күзет қызметкері Ақәділ Қодықов.

"Нан кесетін, тамақ колбасасын кесіп жейтін пышақтар соның барлығын тартып алған мынау болмайды деп сонымен науқастар қырсыққан. Біз голодовка жариялаймыз деп. Мыналар заң бойынша былай істеу керек дейді. Сонымен екі аралықта осындай түсінбеушілік болып қалған ғой. Охранная фирма бізге ұнамайды дейді олай болмайды ғой. Заң барлығына бірдей", - дейді мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесінің бас дәрігері Қыдырбек Әбішев.

Телеарна мәліметінше, қазіргі уақытта емханадағылар мен күзет қызметі науқастармен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная