Ақтөбеде жергілікті тұрғынның үйінен 167 дана киік мүйізі табылды

© polisia.kz

Ақтөбеде жергілікті тұрғынның үйінен 167 дана киік мүйізі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде жергілікті тұрғынның үйінен 167 дана киік мүйізі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қазанда Шалқар ауданының Бегімбет кентінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 36 жастағы жергілікті тұрғын мен Қызылорда облысы Арал ауданының 28 жастағы тұрғыны ұсталды.

Күдіктілердің бірінің үйінің ауласында мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз тұрған "Планета-3" маркалы мотоциклді тінту барысында 167 дана киік мүйізі салынған полипропилен қап, бұдан басқа үй қоймасынан 12 калибрлі "ИЖ-18мм" бір ұңғылы аңшы мылтығы мен 12 патрон,  ас үй бөлмесіндегі қол жуғыштың астынан салмағы 5 келі киік еті бар полиэтилен пакет табылды.

Реклама
Реклама

Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-тармағы (Өсімдіктердің немесе  жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған  түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама