Ақтөбеде жол апатынан алты адам қаза тапты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақтөбе облысында Қырғызстан азаматының қатысуымен болған жол апатынан алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында Қырғызстан азаматының қатысуымен болған жол апатынан алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, жол апаты 30 шілде сағат 23:30-да Самара-Шымкент тасжолында болған. Бұл - Ырғыз ауданы Қалыбай ауылының маңы. Honda Fit маркалы автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып кеткен. Рульде Қырғызстан Республикасының азаматы отырған. Салдарынан Ырғыз ауданының 33 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан Lada Largus маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, Honda Fit автокөлігінің жолаушысы мерт болды. Honda Fit автокөлігінің жүргізушісі 30 жастағы жолаушымен бірге түрлі жарақатпен Ырғыз аудандық ауруханасына жатқызылды",- делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазіргі кезде ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Ақтөбе облысы Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама