ПОДЕЛИТЬСЯ
04 мамыр 2019 | 14:33
Ақтөбеде жүргізуші куәлігін емтихансыз алуға уәде берген жалған полицей сотталды
Ақтөбеде өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін алуға уәде берген 21 жастағы жігіт алаяқтығы үшін сотталды, - деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбеде өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін алуға уәде берген 21 жастағы жігіт алаяқтығы үшін сотталды, - деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.
Басылымның мәліметінше, сотталушы - Өзбекстан тумасы, Қазақстан азаматтығын алған.
"Ол жәбірленушінің сеніміне кіріп, ақпан айында оның 100 мың теңгеден аса ақшасын алып кеткен. Осы жолмен жәбірленуші Садуовтан 32 500 теңге, Нұрадиновтен 35 000 теңге, Ибраймовтан 220 000 теңге, Матеновтен 1 миллион теңге алған. Кейбіріне жүргізуші куәлігін алып беремін деп уәде етсе, кейбіріне айыппұл тұрағындағы автокөліктерді арзан бағаға сатып алып бермек болған", - дейді полициядағылар.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол еш жерде жұмыс істемеген. Осыған байланысты оған "Алаяқтық" бабы бойынша айып тағылды.
"Қ.Марат ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын. Жәбірленушілер М.А.Ибраимовтың, С.М.Бекмурзиннің, А.Ж.Садуовтың, А.М.Нурадиновтың, Е.С.Матеновтың азаматтық талап қоюлары - олардың өтініштері бойынша Қылмыстық процесуалдық кодекстің 170-бабының 6-бөлігі 4-тармағы негізінде қараусыз қалдырылсын", - деді судья Сейфулла Тасымбетов.
Показать комментарии
Читайте также