26 тамыз 2023 | 15:59

Ақтөбеде қоқыс полигоны өртеніп жатыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент
www.instagram.com/aqtobe_sergek

Ақтөбеде қоқыс полигоны өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде қоқыс полигоны өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Тұрғындар осы жағдайдың сурет-видеоларын жариялап жатыр.

www.instagram.com/ztz_04_aktobe

Реклама
Реклама

"Тағы да түнде полигон өртенді. Демалатын ауа болмады, терезелер жабық болса да түтін пәтерге кіріп кетті, иіс тіпті дәретханадағы сорғыштан да шығады! Денсаулығым үшін қатты қорқамын, менде де көптеген адамдағы сияқты демікпе бар және мұндай жағдайларда жиі ұстайды", - дейді Батыс-2 шағынауданының тұрғыны Екатерина.

"Шанхай" аумағында да түтін бар.

"Шаршатты. Полигон қайта жанып жатыр. Түтін оңтүстік-батысқа, "Жаңа", "Батыс-2" бағытына тарап жатыр. Адамдар түтіннен шаршады", - деді Евгений Лазарчук

Қалалық әкімдік мәліметінше, полигон түнде өртенген.

Айта кетейік, маусымда әкімнің орынбасары Айдос Хамиев полигон жанбауы үшін қалыңдығы 60 сантиметр топырақ төселетінін айтты. Бұл жұмыстарға 219 миллион теңге қарастырылған. Тамыздың ортасында "Батыс Ақтөбе" компаниясы полигонды толтыра бастады. Олар жұмысты қыркүйектің соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Полигон 2007 жылдан бастап жұмыс істейді, 2015 жылдан бастап өрт басталды. Кейінгі жылдары ол жиілеп кетті. Ақтөбеліктер жыл сайын күйік иісінен зардап шегеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная