23 мамыр 2020 | 12:51

Ақтөбеде коронавирустан бір адам көз жұмды

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған әйел көз жұмды. Бұл туралы Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев мәлім етті, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған әйел көз жұмды. Бұл туралы Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев мәлім етті, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

"Әйел жұқпалы ауруханада бір тәулік қана болған. Палатада кенеттен жағдайы нашарлап кетті. Дәрігерлер реанимациядан өткізді, бірақ оның жүрегі тоқтап қалды. Клиникалық зерттеу нәтижесі - өкпе артериясының тромбоэмболиясы асқынып кеткенін көрсетті. Бұл коронавирус инфекциясына байланысты емес. Науқас ПТР-ға тексерілген соң коронавирус анықталды, бірақ оның басқа да қосалқы аурулары көп болған, әйел жүрек-қантамыр ауруымен есепте тұр. Вирус пациент жағдайының нашарлауына әсер етті ме, комиссия шешеді", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Реклама
Реклама

Әсет Қалиевтің айтуынша, пандемия басталғалы бері Ақтөбе облысында коронавируспен 250 адам тіркелген. 63 науқас стационарда жатыр. Олардың екеуі жансақтау бөлімінде, біреуінің жағдайы өте ауыр, екіншісінікі ауыр. Вирус жұқтырғандардың арасында 17 бала бар, 10-ы сауықты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram