31 қаңтар 2022 | 17:43

Ақтөбеде құтқарушылар мысықты өрттен арашалап қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Ақтөбеде құтқарушылар мысықты өрттен арашалап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде құтқарушылар мысықты өрттен арашалап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт 26 қаңтарда Ақтөбе қаласының № 6 кооператив гараждарының бірінде болған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер мен құтқарушылар көліктерді ғана емес, онда тұратын мысықты да құтқарды.

"Түтін тұмшалаған үйден құтқарушылар мысықты алып шықты, сол кезде көмекке ТЖ инспекторлары келді, олар мысықтың жүрегіне массаж жасап, жануарға тыныс алу аппаратынан оттегі берді", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Құтқарушылар бірнеше минуттан кейін үй жануарының өздігінен дем алғанын жеткізді.

Айта кетейік, әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушылары құтқарушылардың кәсібиліктеріне алғысын білдірді.

"Қандай адамгершілігі мол адамдар, мен Қазақстанда осындай құтқарушылар бар екенін мақтан тұтамын", "Жарайсыңдар, балалар!", "Осындай батыл ер адамдардың соңынан ергіміз келеді", - деп жазды қазақстандықтар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram