18 қыркүйек 2022 | 11:22

Ақтөбеде күзгі санитарлық-тазалық жұмыстарының екі айлық науқаны басталды 

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов санитарлық-тазалық науқанына қатысты. 101-ші атқыштар дивизиясы көшесінде орналасқан скверде, Батыс-2 шағынауданындағы "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде сенбілік жұмыстарына білек сыбана кірісіп, қаланы көркейту, абаттандыру жұмыстарына үлес қосты. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов санитарлық-тазалық науқанына қатысты. 101-ші атқыштар дивизиясы көшесінде орналасқан скверде, Батыс-2 шағынауданындағы "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде сенбілік жұмыстарына білек сыбана кірісіп, қаланы көркейту, абаттандыру жұмыстарына үлес қосты. 

"Ақтөбе - еліміздің батыс өңіріндегі ірі қала. Сәулетіне көркі сай болуы тиіс. Шаһардың тазалығы өзімізге сын. Сондықтан қала тұрғындары, кәсіпкерлік объектілерінің иелері, меншік нысанына қарамастан барлық мекеме басшылары, ұжымдары сенбілік жұмыстарына шығып, аумақтарын тазалауға міндетті. Мен барлық Ақтөбе жұртын екі айлық тазалық науқанына белсенді қатысуға шақырамын!", - деді Е.Тоғжанов.

Реклама
Реклама

Айта кету керек, екі айлық санитарлық-тазалық жұмыстарының аясындағы бірінші сенбілік бүгін қаланың 62 қоғамдық кеңістігінде өтті. Астана ауданы бойынша 46, Алматы ауданының 16 саябағы мен скверінде сенбілік жұмыстарына мемлекеттік қызметкерлер, мекеме ұжымдары шықты.

Бұдан бөлек, көп қабатты үйлердің басқарушы компаниялары, кондоминиумдары (КСК, ОСИ) тұрғындармен бірлесіп аула аумақтарын ретке келтіріп, ауланы күл-қоқыстан тазартты.

Санитарлық тазалық науқаны аясында 17 қыркүйек пен 17 қараша аралығында апта сайын жалпы қалалық сенбіліктер ұйымдастырылатын болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная